homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Ауғанстанда су тасқынынан 17 адам қаза тапты

02.01.2026, 16:03

Ауғанстанда болған су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«24KZ» мәліметінше, нөсер жаңбыр мен қардың күрт еруі елдегі ұзаққа созылған қуаңшылықты тоқтатқанына қарамастан, жаңа апаттарға алып келген. Табиғи апаттан 1 800-ден астам отбасы зардап шеккен, тұрғын үйлер қирап, мал шығыны тіркелген.

Су тасқыны елдің барлық дерлік провинциясын қамтыған. Ең үлкен шығын инфрақұрылымы әлсіз ауылдық аймақтарда байқалады. Билік өкілдері келтірілген залалды бағалау жұмыстарын бастап кетті.