homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Автокөлік нөмірін еркін таңдауға рұқсат берілді

02.01.2026, 12:30

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтары мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін еркін таңдай алады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі жеткізді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министрліктің мәліметінше, жаңа тәртіп жүргізушілерге ыңғайлы болуы үшін жасалып отыр. Қызмет 5 қаңтардан бастап мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі.

Осы күннен бастап азаматтар қалаған әріптік және сандық комбинациядағы нөмірді таңдай алады. Кез келген қажетті комбинациясы бар мемлекеттік тіркеу нөмірінің құны 10 АЕК немесе 15 АЕК шамасында. Бұл баға жоғары сұранысқа ие VIP-нөмірлерге қолданылмайды.