homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Ирандағы наразылық: қаза тапқандар бар

02.01.2026, 12:11

Иранда елдегі экономикалық дағдарысқа қарсы наразылық акциялары осымен бесінші күнге жалғасып, салдарынан кем дегенде алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Fars ақпарат агенттігі мен Hengaw құқық қорғау ұйымының хабарлауынша, наразылық білдірушілер мен полиция арасындағы қақтығыстар кезінде елдің оңтүстік-батысындағы Лордеган қаласында екі адам көз жұмған. Тағы үш адам Азна қаласында, ал бір адам елдің батысындағы Кухдашта қаза тапқан.

Наразылықтар 28 желтоқсанда Тегеранда саудагерлердің экономикалық жағдайға қарсылық білдіріп, дүкендерін жабуынан басталған. Кейін акциялар басқа ірі қалаларға тарады. 30 желтоқсанда полициямен қақтығыстар болып, көзден жас ағызатын газ қолданылған. Кейінірек наразылықтар саяси сипат алып, билікке қарсы ұрандар айтыла бастады. 

Иранның санкция астында қалғанына 40 жылдан асты. Бұл мемлекет мұнай сата алмайды, оның сыртқы активтері бұғатталған.