31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Кентау қаласында тұрғын үйдің бірінші қабатындағы қоғамдық тамақтану орнында жарылыс болды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, бөлмеде газ-ауа қоспасы жарылып, кейін өртке ұласқан. Оқиға шамамен түнгі 02:00-де тіркелген. Қирандылар астында қалған тұрғындардың бірі қаза тапты.
«Төрт адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі реанимацияда жатыр», — деп хабарлады ТЖМ.