homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

VIP нөмірлер қымбаттайды

01.01.2026, 14:02

2026 жылдан бастап VIP нөмірлердің бағасы өседі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

1 қаңтардан бастап АЕК 4 325 теңге болып бекітілді. Соған сәйкес, жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің бағасы да қымбаттады.

Ең қолжетімді VIP-нөмірлер санатында әріптері бірдей емес, бірақ 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090 және 707 сынды комбинациялары бар нөмірлер қалды. Олардың құны 57 АЕК немесе 246 525 теңге. Осы сандар әріптері бірдей болған жағдайда, баға 114 АЕК-ке, яғни 493 050 теңгеге жетеді.

100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900 және 999 сандары бар нөмірлер 137 АЕК немесе 592 525 теңге тұрады. Ал әріптері де бірдей болса, олардың бағасы 194 АЕК-ке дейін өсіп, 839 050 теңге болады.

001–009 және 777 сандық белгілері бар нөмірлер 228 АЕК, яғни 986 100 теңгеге бағаланған. Ал ең қымбат VIP-нөмірлер бұрынғыдай осы сандар мен әріптері бірдей комбинациялар болып қалды. 2026 жылы олардың құны 285 АЕК немесе 1 232 625 теңгеге жетті.