homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Бір тәулікте 210 төтенше жағдай тіркелді

01.01.2026, 11:33

31 желтоқсанда бір тәулік ішінде Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі 210 шақыртуға шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ведомствоның мәліметінше, оның 91-і өрт пен өртке байланысты жағдайлар болса, 119-ы іздестіру, авариялық-құтқару және өзге де жұмыстарға қатысты болған.

Құтқарушылар қауіпті аймақтардан барлығы 241 адамды, оның ішінде 30 баланы эвакуациялады.

ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, ауа райы қолайсыз кезде алыс сапарларға шықпауды, ал ауылдық жерлерде ұзақ қашықтыққа жаяу жүрмеу керектігін ескертеді.