Биыл Қазақстанға мандарин импорты айтарлықтай артты. Статистика комитеті деректеріне сәйкес, жыл басынан қазан айына дейін елге шамамен 76 мың тонна мандарин жеткізілген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл көлемге танжерин мен сатсума сорттары да кіреді. Көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 21 пайызға көп және бұл соңғы он жылдағы ең жоғары деңгей.
Ал ақшалай мәнде импорт көлемі керісінше аздап төмендеген. Өткен жылы мандарин импортына 38 млн доллар жұмсалса, биыл бұл көрсеткіш 37 млн долларды құраған. Осылайша бір тонна мандариннің орташа бағасы долларлық есепте шамамен 20 пайызға арзандаған.
Аталған өзгерістің бөлшек саудадағы бағаға қалай әсер еткені туралы ресми деректер әзірге жарияланған жоқ.