homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Александр Заруцкий «Қайраттан» кетті

31.12.2025, 16:30

32 жастағы қақпашы Александр Заруцкий алматылық «Қайрат» футбол клубындағы өнерін аяқтайды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Juzmedia.kz хабарлады.

Клубтың Telegram-арнасында хабарланғандай, Александр Заруцкий келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Қайраттан» кетіп отыр.

«Заруцкий сары-қара құрамға 2025 жылдың басында қосылып, чемпиондық маусымда елеулі үлес қосты. Қақпашының сенімді ойыны еурокубоктардың жазғы іріктеу кезеңіндегі табысты нәтиженің негізгі факторларының бірі болды. Шешуші сәттерде оның тәжірибесі мен салқынқандылығы команданы талай мәрте құтқарып қалды», – деп мәлімдеді Қайрат.

Жалпы Александр Заруцкий «Қайрат» сапында 24 матч өткізіп, оның тоғызында қақпасын голдан аман сақтаған.