homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Жаңа жылда ХҚКО қалай жұмыс істейді?

31.12.2025, 15:33

Мемлекеттік корпорацияның ресми хабарлауынша, 1 және 2 қаңтар, сондай-ақ 2026 жылғы 7 қаңтар күндері барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істемейді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ал 3 қаңтар, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. Бұл күні азаматтарды қабылдау 09:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. 5 және 6 қаңтар — толыққанды жұмыс күндері.

«Бұл күндері ел бойынша барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО штаттық режимде қызмет көрсетеді», — деп хабарлады Азаматтарға арналған үкімет.

Мемлекеттік корпорация өкілдері еске салғандай, жұмыс күндері ХҚКО-лар азаматтарды 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Ал кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ корпорация бұған дейін тараған «1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы ақылы қызмет көрсетіледі» деген ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, ресми қызметтер қолданыстағы тәртіппен ұсынылатынын атап өтті.
 

Теги: