Қазгидромет жаңа жылдың алғашқы айы әдеттегіден жылы болады деп болжап отыр. 2026 жылдың қаңтар айындағы ауа температурасы климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары болмақ. Елдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстік-шығысында қар көбірек жауады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ай бойы ауа райы құбылмалы болады: қар, боран, тұман мен көктайғақ кезеңдері ашық әрі аязды күндермен алмасады. Қаңтардың екінші және үшінші онкүндіктерінде солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда суық ауа массаларының енуіне байланысты түнгі температура −25…−35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Батыс өңірлерде кей күндері жылымық болып, ауа температурасы 0…+5 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстікте түнгі аяз −20…−30 градусқа дейін жетуі ықтимал.