31 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге ірі қара мал етін әкетуге арналған квоталарды бөлу қағидалары күшіне енді. Бұл тәртіп 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданыста болады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, сиыр етін экспорттауға арналған квотаның жалпы көлемі 20 мың тонна болып белгіленген. Министрлік бұл шешім ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын сақтау және халықты ет өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.