Жаңа жыл қарсаңында әдебиет және өнер саласының өкілдеріне мемлекеттік стипендия тағайындалды. Президенттің шешімімен бұл қолдауға 70-тен астам мәдениет қайраткері ие болды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Әдебиет саласы бойынша арнайы стипендия алғандар қатарында Марфуға Айтқожа, Ақсұңқар Серік, Дидар Амантай, Зейнеп Ахметова, Төлен Әбдік, Ақұштап Бақтыгереева, Смағұл Елубаев, Мырзатай Жолдасбеков, Роза Мұқанова, Тынымбай Нұрмағамбетов, Гүлнара Салықбаева, Олжас Сүлейменов, Тұрсынжан Шапай және Жүрсін Ерман бар.
Мәдениет саласында Қайрат Байбосынов, Раушан Байсейітова, Самал Еслямова, Тұңғышбай Жаманқұлов, Досхан Жолжақсынов, Айтқали Жайымов, сондай-ақ Нұрғали Нүсіпжан, Майра Мұхамедқызы, Мария Мудряк, Меруерт Өтекешова және Бибігүл Төлегенова мемлекеттік қолдауға ие болды.