Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаев блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанды. 21 жастағы спортшы Дохада өткен әлем чемпионатында топ жарып, 40 мың еуро немесе 23,5 млн теңге сыйақы алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Спорт және дене шынықтыру комитетінің мәліметінше, қазақстандық шахматшы турнир барысында мүмкін болған 15 ұпайдың 11-ін жинап, бірінші орын алған. Екінші орынды Украина өкілі Анна Музычук иеленсе, үшінші орынды нидерландтық Элайн Роберс пен қытайлық Чжу Цзинер бөлісті.
Шахматшыны Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді.
Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады.
Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым, делінген құттықтауда.
Аталған жеңіс Бибісара Асаубаеваға 2026 жылы өтетін үміткерлер турниріне қатысу құқығын берді.