Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚазАвтоЖол мәліметінше, 31 желтоқсан күні таңғы 08:30-дағы жағдай бойынша үш облыста республикалық маңызы бар үш автожолда қозғалыс жабылған.
Батыс Қазақстан облысында Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы тасжолының 273–393 шақырым аралығы, Барбастау кентінен Жымпиты кентіне дейінгі бөлігі жабылды.
Жетісу облысында Үшарал – Достық автожолының 84–164 шақырым аралығы, Көктұма кентінен Достық станциясына дейін қозғалысқа шектеу қойылды.
Маңғыстау облысында Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтіс – Шетпе – Жетібай – Ақтау бағытының 332–632 шақырым аралығы, Бейнеу ауылынан Шетпе ауылына дейін уақытша жабылды.
Сонымен қатар, сағат 04:30-да Қарағанды облысында барлық көлік түрлері үшін Астана – Қарағанды – Алматы автожолының 2005–2152 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасынан Бұрылыбайтал ауылына дейін, сондай-ақ осы бағыттағы 592–750 шақырым аралығы, Балқаш қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейін жабылды.
Аталған учаскелерді ашудың болжамды уақыты — 31 желтоқсан 2025 жыл, сағат 09:00. «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді сапарды жоспарлау кезінде енгізілген шектеулерді ескеруге және жол жағдайы туралы ресми ақпаратты қадағалап отыруға шақырды.