Абай облысы Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында балаларды қағып кеткен 55 жастағы ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қайғылы оқиға 2025 жылғы 19 тамызда болған еді. Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, тұрғын үйдің қоршауына соғылған. Сол сәтте маңайда ойнап жүрген алты бала көлік астында қалып, төрт бала алған жарақатынан көз жұмған болатын.
2025 жылғы 30 желтоқсанда Абай облысында сот үкімі жарияланды. Эпилепсия дерті бар сотталушы жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейтін болады.
Сот шешімімен ер адам қаза тапқан балалардың ата-аналарына жалпы сомасы 50 млн теңге өтемақы төлеуі тиіс.