homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Астанадағы автобус аялдамасында ер адам көз жұмды

30.12.2025, 16:12

Астанада А 108 көшесіндегі автобус аялдамасында ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Astanovka98 Telegram арнасы жазды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Арнаның жазуынша, ер адам көктайғақ салдарынан құлап, мерт болған. Алайда қаланың денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растаған жоқ.

«Автобус аялдамасында ес-түссіз жатқан ер адам табылды. Жедел жәрдем ер адамның қайтыс болғанын тіркеді. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді», – деп хабарлады басқарма.

Қазіргі таңда оқиғаның нақты мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.