homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыз бағыттары іске қосылады

30.12.2025, 15:03

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жаңа жыл қарсаңында өңірлер арасында қатынайтын қосымша пойыздар іске қосылады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» хабарлады деп жазады Juzmedia.kz.

Компания мәліметінше, тас жолдарда қозғалыс уақытша шектелуіне байланысты жолаушылар тасымалының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін 13 қала маңындағы пойыз тағайындалған. Қосымша пойыздар Астана, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Атбасар және Жалтыр бағыттары бойынша қатынайды.

Атап айтқанда, Астана – Павлодар және Павлодар – Астана бағыттарында төрт пойыз, Астана – Атбасар мен Астана – Жалтыр бағыттарында екі пойыз, Астана – Көкшетау және Курорт Бурабай бағытында төрт пойыз, сондай-ақ Астана – Қарағанды және Қарағанды – Астана бағыттарында үш пойыз қосылады.

ҚТЖ өкілдері бұл шара жолаушылардың мереке күндері қауіпсіз әрі ыңғайлы қатынауын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, 16 желтоқсаннан бастап оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын Алматы – Қостанай бағытында жаңа «Тальго» пойызы іске қосылғаны еске салынды.