homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

КҚК теңіз терминалы мұнай қабылдауды уақытша тоқтатты

30.12.2025, 14:32

Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалында мұнай қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұған дауыл себеп, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Каспий құбыр консорциумы мәліметінше, 29 желтоқсанда теңіз терминалы жұмыс аймағында ауа райы күрт нашарлаған.

«Теңіз терминалының операциялық қызмет аймағындағы қолайсыз метеожағдайларға байланысты консорциум 29 желтоқсанда ауа райы қалыпқа келіп, дауыл туралы ескертулер алынғанға дейін мұнайды ауыстырып тиеуді тоқтатуға мәжбүр болды. Сонымен қатар, шикізат сақтайтын қоймалардың толуына байланысты 29 желтоқсанда мұнай қабылдау да тоқтатылды», – делінген хабарламада.

КҚК өкілдерінің айтуынша, қалыптасқан жағдай туралы жүк жөнелтушілерге алдын ала және уақытылы хабар берілген.