homepage
Фото:Үкімет

Үш жылда спортты дамытуға 360 млрд теңге бөлінген

30.12.2025, 14:01

Соңғы үш жылда Қазақстанда спортты дамытуға 360 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Үкімет отырысында 2026 жылы Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына дайындық мәселесі қаралған кезде Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, қазір негізгі басымдық бюджет қаражатын тиімді пайдалануға қойылуы тиіс. Осыған байланысты болашағы бар спортшыларды қолдау нақты, ашық әрі нәтижеге бағытталған болуы қажет. Олжас Бектенов бұл үшін Туризм және спорт министрлігінің, спорт федерациялары мен ведомствоға қарасты ұйымдар басшылары жеке жауапты екенін атап өтті.

Сондай-ақ Премьер-министр кәсіби спортты дамытуда бюджеттен тыс қаражат тарту жұмысын күшейту қажеттігін айтты.

«Ойындар қорытындысы бойынша нәтижелерге объективті баға берілген, жетістіктер мен кемшіліктер нақты көрсетілген және олимпиадалық спорт түрлерін одан әрі дамытуға арналған ұсыныстар қамтылған жан-жақты талдау ұсынылуы тиіс», – деді Олжас Бектенов.