homepage

Бетперде киген жұмбақ жігіт жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

Juzmedia. kz
30.11.2024, 12:48

Қара бетперде киіп, мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетіп жүрген жұмбақ жігіт үш баласын жалғыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға пәтер сыйлады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Астана іргесінде үш баласымен пәтер жалдап, такси болып күн көретін ананың кіші ұлы сал ауруына шалдығып, эпилепсиямен ауырады. 8 жастағы бала өздігінен жүре алмайды және сөйлемейді. Пәтерақысы мен тамақтан артылған ақшасына анасы баласын оңалту курстарына, массажға апарып тұратынын айтады. 

«Мен ұлыммен бірге таксилетіп ақша табуға мәжбүрмін. Қала сыртында пәтер жалдап тұрамыз, жедел жәрдемнің келуіне көп уақыт кететіндіктен 7 жылға несиеге көлік сатып алдым. Бұлай такси жүргізушісі болғым келмейді, мұндай өмір тіпті, ер адамдарға да қиын. Әбден шаршадым. Кейде өмір сүргім келмей кетеді», - дейді әйел.

Жұмбақ жігіт әдеттегідей бұл жолы да кейіпкеріне көл-көсір қуаныш сыйлады. 

«Бұл ақшаға балаң екеуіңіз емделуге барасыз, қалаған ісіңізді ашасыз, автокөліктің несиесін төлейсіз. Және одан басқа... үйлі болдыңыз», – деген қайырымды азамат әйелге баспана кілті мен конверт толы ақшаны ұстатты.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.