Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын алыс қашықтыққа ұшатын зымырандардың дайындығын тексеріп, сынақтан өткізді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Зымырандар шамамен 2 сағат 50 минут әуеде болып, кейін батыс жағалаудағы нысаналарды дәл көздеп жойған. Бұл туралы ақпаратты Bloomberg жеткізді.
Ким Чен Ынның айтуынша, сынақтар стратегиялық күштердің сенімділігі мен жауынгерлік дайындығын дәлелдеді. КХДР басшысы елдің ядролық күшін алдағы уақытта да нығайтуды жалғастыратынын мәлімдеді.