homepage
Фото: ChatGPT арқылы жасалды

Ұрлықшы келін енесінің алтын бұйымдарын үптеп кеткен

29.12.2025, 17:13

Түркістандық тұрғын үйінен алтын бұйымдар жоғалғанын айтып полицияға арызданған. Тексеру барысында ұрлықты үй иесінің келіні жасағаны анықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тергеу дерегінше, ұрлықшы келін мамыр айынан бері үйден 8,5 миллион теңгенің алтын әшекейлері мен қолма-қол ақшасын үптеп кеткен. Ал, ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны құмар ойындарға жұмсаған. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.