Суық антициклонның орнын оңтүстіктен келетін жылы циклон басып, ел аумағында қар мен боран болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамынша, 30–31 желтоқсан күндері Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында жаңбыр аралас қар жауады. Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын түседі. Республика бойынша көктайғақ, тұман және желдің күшеюі ықтимал.
30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, ал 30–31 желтоқсанда шығыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы минус 2 градустан плюс 3 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік аймақтарда осы күндері ауа температурасы 5–15 градусқа дейін жылынады.