homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Рақымшылықпен 338 адам босатылды

29.12.2025, 16:02

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты рақымшылық аясында 338 адам жазадан толық босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ал, 8,6 мың адамның жаза мерзімі қысқартылған.

Сонымен қатар қамауда ұстауға санкция беру туралы өтінішхаттардың үлесі азайған. 2025 жылы мұндай өтінішхаттардың 62,5 пайызы ғана қолданылған, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 74,5 пайыз болған еді. Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану 81 пайызға артқан.

Бұдан бөлек, 2 110 адамға электрондық білезік тағылды.