Қазақстандық продюсер Баян Алагузованың қызы Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде жаңа туған нәрестесінің алғашқы суретін жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«29 қарашада біздің үшінші баламыз дүние есігін ашты!» – деп жазды Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында.
Блогердің жазылушылары Айсәулені сәбилі болымен құттықтап, жылы тілектерін жеткізді.
«Алақай! Құттықтаймын, сәбиіңіз тәтті болып өсе берсін!», «Қызыңыздың дүниеге келуімен құттықтаймын! Денсаулығы мықты, ең бақытты бала болып өсе берсін», «Құттықтаймыз! Қызңның көп болғаны қандай бақыт», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетсек, Баян Алагузова үшінші немересі дүниеге келгенін хабарлаған болатын.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.