homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Мария Хаджиева қызметінен босатылды

29.12.2025, 15:06

Мария Хаджиева Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда жазды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мария Хаджиева Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген ресми ақпаратта.

Айта кетейік, Мария Хаджиева бұл қызметті 2019 жылғы 26 желтоқсаннан бері атқарып келген.