homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Жеке кәсіпкерлер шынымен жабылып жатыр ма

29.12.2025, 12:27

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстанда жеке кәсіпкерлер жаппай жабылып жатыр деген әңгімелерді шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, керісінше, елде кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып келеді. Биылдың өзінде жаңа ашылған бизнес саны жабылғандардан 150 мыңға көп.

«2024 жылы бұл айырма 50 мыңға да жетпеген. Қазір жаңа Салық кодексі енгізілгенімен, жеке кәсіпкерлер жабылып жатқан жоқ, керісінше көбейіп отыр. Бұл – ресми статистика», – деді ол Мәжіліс кулуарында.

Сонымен бірге вице-министр кейбір кәсіпкерлердің қызметін тоқтатуы мүмкін екенін де түсіндірді. Оның айтуынша, бұл көбіне оңайлатылған режимде жұмыс істейтін, бір бизнесті қосылған құн салығына өтуден сақтандыру үшін ашылған қосалқы жеке кәсіпкерлерге қатысты.

«Кейде бір кәсіптің жанында екі-үш жеке кәсіпкер қатар тіркеліп тұрады. Олар негізгі бизнесті ҚҚС-қа өтуден қорғау үшін ашылған. Осындай серіктес кәсіпкерлердің бір бөлігі жабылуы мүмкін», – деді Ержан Біржанов.