homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Биыл қандай заңдар қабылданды?

29.12.2025, 11:31

Мәжіліс 2025 жылдың қорытындысын жариялады. Парламенттің төменгі палатасы жыл барысында бас-аяғы жүз заң қабылдаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Биыл қаблыднған 100 заңның 24-і депутаттардың бастамасымен әзірленген. Негізгі қабылданған шешімдер мен өзгерістер мыналар:

  • Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң қабылданды;
  • Су, Бюджет, Салық, Құрылыс және Цифрлық кодекстер бойынша жұмыс толық аяқталды;
  • «Жасанды интеллект туралы» жаңа заң қабылданды;
  • Лудоманияға қарсы жаңа нормалар енгізілді, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды ғимараттарда және онлайн кеңістікте жарнамалауға тыйым салынды;
  • Некеге тұруға мәжбүрлеу заңмен реттелді;
  • Қиын қаржылық жағдайға тап болған азаматтарды қолдауға бағытталған нормалар қабылданды;
  • Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға займдар мен шағын несиелер бойынша төлемді кемінде үш айға шегеру мүмкіндігі берілді;
  • Кепілсіз онлайн несиелерді рәсімдеу кезінде шешімді ойланып қабылдауға уақыт беретін талап енгізілді;
  • Мемлекеттен білім капиталы қарастырылған «Келешек» жүйесі іске қосылды;
  • Дарынды балаларды қолдауға бағытталған бірқатар нормалар қабылданды;
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты тәсілдер қайта қаралды;
  • Бірыңғай медициналық көмек пакеті енгізілді;
  • 1991–2021 жылдар аралығында асыраушысынан айырылған 500-ден астам отбасыға ай сайынғы жәрдемақы төлеу мәселесі шешілді.