homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қаңтар жаңғырығы: елдегі бүлікке қатысы бар ресейлік ұсталды

29.12.2025, 10:08

Қаңтар оқиғасына қатысы бар деп күдікке ілінген Ресей азаматы Қазақстанға экстрадицияланды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бас прокуратура мен Интерполдың ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен оны Грузиядан елге жеткізді. Тергеу дерегінше, күдікті 2022 жылғы қаңтарда Алматыда жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан, азаматтарды ұрлаған және олардың мүлкін күшпен иемденген.

Ол үш жылдан астам уақыт бойы тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуде болған. Биыл қыркүйекте Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанның сұрауымен экстрадицияланған.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.