homepage
Фото: ТЖМ баспасөзі

Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шықты

28.12.2025, 11:33

Астананың Сарыарқа ауданындағы Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан үш қабатты ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, 100 адам жеке құрам және 24 бірлік техника жұмылдырылды», — деп хабарлады ТЖМ.

Ғимараттың шатыры опырылған. 112 желісіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 

Министрліктің 12:25-тегі дерегінше, 800 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толықтай сөндірілді.