homepage
Фото: ашық дерекөзден

Алматы тауларынан 3 адамның денесі табылды

27.12.2025, 22:27

Алматы тауының жоталарынан үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды Juzmedia  

26 желтоқсанға қараған түні “112” пультіне қоңырау түсіп, Алматының тұрғыны екі күн бұрын інісінің достарымен тауға кетіп, оралмағанын айтқан. Үшеуінің де телефоны 12 сағаттан бері сөндірулі болған. 

Құтқарушылар іздеу шаралары барысында “Локомотив” шыңы маңынан әуелі бір адамның денесін тауып, ТЖМ авация көмегімен теңіз деңгейінен шамамен 3700 метр биіктіктен төмен түсірілді. Кейін құтқарушылар осы маңайдан тағы екі адамның денесін тауып, тау етегіне түсірді.

Жалпы алғанда, операцияға 80-ге жуық адам, 12 техника бірлігі, 4 кинологиялық есеп және 4 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, марқұмдардың туыстарына психологиялық көмек көрсетілуде.