homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

19 мыңға жуық жас қарызын қайтара алмай жүр

27.12.2025, 13:00

Қазақстанда 21 жасқа дейінгі 36,2 мың азаматтың мойнында микроқаржы ұйымдарынан алған несие бар. Соның ішінде 19 мың жас қарызын үш айдан астам уақыт өтей алмай, кешіктіріп жүр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Сенат депутаттарына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мемлекеттік кредиттік бюро дерегінше, 18–21 жас аралығындағы 136 239 адам микроқаржы ұйымдарынан қарыз алған. Олардың 18 638-інің берешегі 90 күннен асып кеткен.

Агенттік төрағасы шағын несие беру талаптарының қатаңдағанын айтады. 2024 жылғы маусымда қабылданған заңға сәйкес, 90 күннен аса қарызы бар адамдарға микрокредит беруге және мерзімі өткен қарызға сыйақы есептеуге тыйым салынды. Интернет арқылы несие беру тек биометриялық сәйкестендіруден кейін ғана мүмкін. 

Қазіргі таңда қазақстандықтардың банктер мен қаржы ұйымдары алдындағы жалпы қарызы 49 трлн теңгеден асады, ал микроқаржы ұйымдары биыл халыққа 3,1 трлн теңге несие берген.