homepage

Алматыда адам өлімімен аяқталған автобус апаты: кінәлі әйел сотталды

Juzmedia. kz
29.11.2024, 19:13

Алматының Алмалы аудандық сотында жол ережесін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне себепші болды деп айыпталған 28 жастағы Әнел Сартаеваға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Сотта оқиғаның 26 маусымда Алматыда Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында болғаны, сотталушы Сартаеваның Kia Sportage көлігін басқарып, көше бойымен келе жатып, «жол бер» белгісін елемей, жол бөлігіне шығып кеткені, соның салдарынан №18 бағыттағы автобуспен соқтығысқаны анықталды.

Соқтығыстың салдарынан автобус инерциялық жолмен бағдаршамға соғылып, одан кейін тротуарға шығып кетіп, дүкен ғимаратына соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жолаушысы – 19 жастағы К., жедел медициналық жәрдем келгенше көз жұмды.

Тағы 25 адам әртүрлі ауырлықтағы жарақат алды.

ТАРАПТАРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Сотта сотталушы Сартаева өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, жас баласы бар болғандықтан, бас бостандығынан айырмауды сұрады”, – делінген хабарламада.

“Зардап шеккен тарап, қайтыс болған жолаушының ұлы сотта сотталушы С.-ны кешіріп, оған ешқандай талап қоймаған.

Прокурор соттан сотталушыны 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

СОТ ҮКІМІ

Сот үкімімен Сартаева ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

“ҚК-нің 74 бабының 1-бөлігі негізінде үкімді орындау 3 жылға, баласының жасы 3 жас 9 айға толғанға дейінгі мерзімге шегерілді. Іс бойынша жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар кінәсін мойындау, істеген ісіне өкіну, асырауында жас баланың болуы болды. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ”, – делінген сот хабарламасында

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.