homepage
Фото: ашық дереккөзден

Салықтан жалтарған қылмыскер Грузияда ұсталды

27.12.2025, 12:05

Мемлекетке миллиард теңгеден астам шығын келтірді деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан елге қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Экстрадицияланған күдікті 2023–2024 жылдары Алматыда коммерциялық құрылымды басқарып, құнды келісімдер жасасып, бірақ оны орындамаған. Жалған шот-фактуралар жазу схемасын ұйымдастырған.

Заңсыз әрекеттер салдарынан мемлекетке шамамен 1,3 млрд теңге көлемінде салық төленбеген. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал бұған дейін оның сыбайласы сотталып, бас бостандығынан айырылған.