homepage
Фото: Ашық дереккөзден

AZAL ұшағының апаты: Ресей істі жаппақ, Баку наразы

27.12.2025, 10:12

Ресей AZAL ұшағы апатына қатысты қылмыстық істі тоқтатып тастады. Бұл туралы Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов жеткізді, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Әзербайжан министрінің айтуынша, Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкиннен ресми әрі көлемді хат келген. Алайда құжаттағы кейбір байламдар Әзербайжан тарапы үшін түсініксіз болып тұр. Әзірбайжанның сыртқы істер министрі жағдайды жай ғана ведомстволық деңгейде қалдырмай, оны екі ел басшылары тікелей талқылауы қажет деп мәлімдеді. 

Еске салайық, осыдан бір жыл бұрын AZAL әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы Баку - Грозный бағыты бойынша рейс орындау кезінде Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, олардың 38-і қаза тапты.