Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлді сомдаған актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті. Қайғылы хабарлы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап, марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Juzmedia.
“Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады”, делінген министрлік хабарламасында.
Осы көктемде 75 жастағы актердің өкпенің созылмалы обструктивті дертіне шалдыққаны хабарланған.