АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні Украина президенті Владимир Зеленский мен кездеседі. Келіссөздер Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында өтеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы X әлеуметтік желісінде Axios басылымының журналисі Барак Равид жазды. Ақпаратты Зеленскийдің өзі де растады. Оның айтуынша, 28 желтоқсанда өтетін кездесу барысында «жаңа жылға дейін көп нәрсе шешілуі мүмкін».
Өткен демалыс күндері Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен оның күйеу баласы Джаред Кушнер Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриевпен кездескен.
Кей деректерге сәйкес, Ресей қазіргі 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарына елеулі өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Алайда Ресейдің Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты ақпаратты растамасад да, қақтығысты аяқтау бойынша АҚШ-пен келіссөздерде баяу болса да ілгерілеу бар деп мәлімдеді.