Астана қалалық мәслихатының депутаттары тұрғындарды тіркеу тәртібін қатаңдатпақ, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Енді елордада бір адамды тіркеу үшін кемінде 15 шаршы метр тұрғын алаңы болуы тиіс. Бұл талап ерлі-зайыптыларға, балаларға және бірге тұратын жақын туыстарға қатысты емес. Бұл норма бір мекен жайға жүздеген адам тіркелетін “резеңке” пәтерлер тәжірибесін тоқтату үшін енгізілмек. Сондай-ақ шешім қаладағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жүктемені нақты болжап, жоспарлау үшін керек
Мысалы, 80 шаршы метрлік пәтер иесі өз жұбайын, ата-анасын, балаларын еш кедергісіз тіркей алады. Алайда туыстық қатысы жоқ адамдарды тіркеуге өтініш берсе, рұқсат берілмейді.
Тіркеу талаптарының сақталуын көші-қон қызметі өз құзыреті шегінде бақылайды. Құжат алдағы уақытта барлық келісу рәсімінен өтіп, күшіне енеді.