homepage
Фото: gov.kz

Әуежайлардағы қолдан жасалған қымбатшылық

26.12.2025, 16:12

Қостанай мен Қызылорда әуежайлары авиаотын бағасын негізсіз көтергені үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің тексерісі нәтижесінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы авиаотынға монополиялық жоғары баға қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл мен монополиялық кірісті тәркілеудің жалпы сомасы 16,6 млн теңге болды.

Ұқсас заңбұзушылық Қорқыт Ата әуежайы қызметінен де анықталды. Мұнда 7,3 млн теңге айыппұл салынып, 2,5 млн теңге көлеміндегі монополиялық кіріс мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сонымен қатар бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, авиаотынның сату бағасы 780 мың теңгеден 533 750 теңгеге дейін төмендетілді.