homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Жаңа жыл қарсаңындағы ауа райы болжамы

26.12.2025, 15:05

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, 27–29 желтоқсан аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 27 желтоқсанда елдің шығысында, 27–29 желтоқсанда батысында, 29 желтоқсанда солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде қар, боран, көктайғақ болып, жел күшеймек. Оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.

«27 желтоқсанда шығыс пен оңтүстік-шығыста, 28 желтоқсанда батыс өңірлерде қалың қар жауады. Республика бойынша тұман түседі», – деп хабарлады синоптиктер.

Сонымен қатар ел аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде түнде –10…–18 градус, күндіз –0…–8 градус аяз сақталады. Шығыста түнде –15…–20, күндіз –5…–10 градус болады. Ал оңтүстікте түнде 0…+5 градусқа дейін жылып, күндіз +5…+15 градусқа дейін көтеріледі.