homepage

Астанада қыз зорлады деген күдікпен экс-полицей ұсталды

Juzmedia. kz
29.11.2024, 15:30

Астана полициясы полиция қызметкерінің зорлау дерегі бойынша ұсталғаны туралы желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қалалық полиция департаменті күдіктінің құқық қорғау органдарында қызмет етпейтінін алға тартты. Экс-қызметкердің жағымсыз себептермен жұмыстан босатылғаны белгілі болды.

Алайда оның қашан қашан жұмыстан шығарылғаны нақты айтылмаған.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұрынғы полиция қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, елорданың Байқоңыр ауданында полицияға 21 жастағы бойжеткен арызданған. Ол жалдамалы пәтерде полиция формасын киген ер адамнан зорлық көргенін мәлімгене.

Сондай-ақ күдіктінің Ақмола облысы Бурабай аудандық полиция бөлімінің аға лейтенант шеніндегі тергеушісі екені хабарланды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.