homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

"Qymyz shop" атауымен елге есірткі сатқан телеграм-дүкен жабылды

26.12.2025, 14:43

Ақтөбе облысы прокуратурасының араласуымен бүкіл елге психотроптық зат таратқан "Qymyz shop" атты интернет-есірткі дүкенінің қызметі тоқтатылды. Қылмыстық топ Telegram желісінде «байланыссыз сауда» схемасымен жұмыс істеген деп хабарлайды Juzmedia.kz

Тергеу дерегінше, дүкеннің айналымы 50 млн теңгеден асқан. Ақша «дропперлердің» банктік карталары арқылы айналдырылған.

Жедел операция барысында Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астанада 6 адам ұсталды10 кг-нан астам психотроптық зат тәркіленді.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Интернет-дүкен толықтай жойылды.