homepage
фото: ашық дереккөзден

Таудағы тілге қатысты дау: қос тарап та айыппұл арқалады

26.12.2025, 11:31

Алматы полициясы Шымбұлақтағы GUSTO мейрамханасындағы жанжалға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Juzmedia. 

Полиция жанжалға қатысушылармен тілдесіп, сот екі тарапқа да 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл тағайындады. Іс қорытындысы бойынша екі тарап өзара кешірім сұрап, татуласқан. 

Айта кетейік, Шымбұлақтағы GUSTO мейрамханасында келген қонақ мекеме қызметкерінен қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен. Желіде тараған видеода мейрамхана қызметкері «мен сіздің тіліңізде сөйлеуге міндетті емеспін» деп, ашуға мінген. Желіде бұл қызу талқыға түсіп, кейіннен мейрамхана әкімшілігі  қызметкерді жұмыстан шығарғанын мәлімдеді, ал қызметкердің өзі кешірім сұрап бейнежазба жариялаған.

Алматы полициясы тілге қатысты мәселелер арандатуға себеп болмау керектігін, ұлтаралық тақырыптарда кез келген әрекет қоғамдық қауіпсіздікке қауіп ретінде қарастырылатынын еске салды.