homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Lufthansa ұшағы Алматыға шұғыл қонды

26.12.2025, 11:28

Мюнхен – Бейжің бағытымен ұшқан Lufthansa әуе компаниясының рейсінде бір жолаушы көз жұмып, Алматы әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мәліметінше, оқиға 26 желтоқсанда LH 0722 рейсінде болған. Ұшу барысында жолаушының жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалған. Экипаж шұғыл қону туралы шешім қабылдап, ұшақ Алматы халықаралық әуежайына қонды. 

«Әуе кемесіне әуежайдың медициналық қызметі мен жедел жәрдем бригадасы жедел жеткізілді», – деп хабарлады ведомство.

Дәрігерлер жолаушының ұшу кезінде көз жұмғанын анықтады. Барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін ұшақ Алматыда жанармай құйып, рейсті жалғастырған. Әуе кемесі жергілікті уақытпен 07:56-да Бейжің қаласына ұшып кеткен. 

Дереккөздердің хабарлауынша, марқұм 30 жастағы шетел азаматы. Алдын ала болжам бойынша, оның жүрегі ұстап қалған.