homepage
Фото: Qarmet

Ким кінәлі: Qarmet-ті тонағандарға қатысты іс қозғалды

26.12.2025, 10:02

Қаржы мониторингі агенттігі Qarmet (АрселорМитталТеміртау) компаниясының мүлкін жымқыру дерегі бойынша «АлбаСтройДор» ЖШС директоры С.Г.Кимге қатысты тергеу жүргізіп жатыр. деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2015 жылы «АрселорМитталТеміртау» АҚ мен «АлбаСтройДор» ЖШС арасында домна шлагын қайта өңдеу туралы келісім жасалған. Алайда шартта қайта өңдеу қалдықтары басқару құқығы қарастырылмаса да, Ким зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды заңсыз шығарған. 

Ұрланған мүлікті кәсіпорын аумағынан кедергісіз алып шығаруға «Күзет» ЖШС көмектескен. Оның қызметкерлері автокөліктерді тексермей жіберіп отырған. 

Тергеу дерегінше, жымқырылған өнім С.Г.Кимнің бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» ЖШС мен «ЦентрОптСнаб» ЖШС арқылы заңдастырылған. Нәтижесінде жалпы құны 1,8 млрд теңгеден асатын, 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған.

Күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.