Украина Орынбордағы газ өңдеу зауытына дрондармен шабуыл жасады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды. Аталған зауытта негізінен Қазақстандағы Қарашығанақ кен орнында өндірілген шикі газ өңделеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Bloomberg-тің мәліметінше, нысан Киевтен шығысқа қарай шамамен 1700 шақырым жерде орналасқан. Агенттікке бұл ақпаратты жағдайдан хабардар, бірақ ресми өкілеттігі жоқ дереккөз жеткізген. Қауіпсіздік мақсатында оның аты-жөні жарияланбайды.
Украина дрондарының бұл зауытқа соңғы екі айда екінші рет соққы жасап отыр.. Бұған дейін, бұл зауытты 2025 жылдың 19 қазанянда атқылап, соның салдарынан Қазақстаннан шикі газ қабылдау уақытша тоқтатылған. Сөйтіп, Қарашығанақ кен орнында мұнай мен газ өндіру көлемі қысқарған.
Орынбордағы бұл кәсіпорын Қазақстаннан шикі газды арзан бағамен сатып алып, өңделген газды елге бірнеше есе қымбатқа қайта сатады.
24 желтоқсан күні кешке Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майконы қабылдады. Ведомство таратқан ресми хабарламада шабуыл туралы айтылмады.
Айта өту керек, Каспий құбыр желісі консорциумына жасалған дрондар шабуылынан Қазақстан мұнай экспортын шектеуге мәжбүр болды.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Айдос Сарым энергетикалық нысандарға жасалған дрон шабуылдарын қолдаған азаматтарды «террорист» және «сатқын» ретінде жауапқа тарту қажет деп мәлімдеген.