Германияда қаза тапқан бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов пен оның анасы Наталья Донцова Мәскеуде ұсталды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы марқұмның ағасы Қанат Сайлыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазған:
«Александр Донцов пен оның анасы Натальяның жүрген жері анықталып, Мәскеуде полицияға жеткізілгені туралы ақпарат түсті. Қазір оларды Қазақстанға беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Дипломатиялық қиындықтар мен бірнеше азаматтықтың болуына байланысты барлық рәсімдер ұзаққа созылуы мүмкін», – деген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанның құқық қорғау органдары Айгүл Сайлыбаеваның өліміне байланысты Донцовтар әулетін іздеуге жариялағаны хабарланған. Тергеу ісі халықаралық деңгейде жүргізіліп жатыр.