Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған 14 жастағы жасөспірім 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Соттың мәліметінше, қылмыс 2025 жылғы 7 шілдеде жасалған. Жасөспірім қызды сөзге тарту сылтауымен көпір астына апарып, күш қолданған.
Айыпталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың көрсетулерімен, депонирленген айғақтармен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және өзге де дәлелдермен дәлелденді.
«Кәмелетке толмаған сотталушы С.-ға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын өтеу кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік мекемесінде белгіленді», – делінген сот хабарламасында.
Сот үкімімен жәбірленуші тараптың пайдасына 8 млн теңге моральдық өтемақы өндірілді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.