2026 жылдан бастап «Болашақ» стипендиясына іріктеу екі кезеңмен өтеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алғашқы турда өту балын жинай алмағандар келесі кезеңге жіберілмейді. 2025 жылы осы талаптан 131 үміткер өте алмаған.
Стипендия тек QS University Rankings пәндік рейтингіндегі топ-100 университеттерге беріледі. Жаратылыстану және техникалық бағыттарға басымдық беріліп, олардың үлесі кемінде 60 пайызға жетпек.
Түлектерге Біріккен Ұлттар Ұйымы, ПРООН, ЕҚЫҰ, ШЫҰ секілді халықаралық ұйымдарда еңбек өтеуін өтуге рұқсат етілді.
Бағдарламада тағы бір шектеу бар. Орыс тілі ресми тіл саналмайтын елдерде осы тілде оқу немесе тағылымдамадан өтуге болмайды. Сонымен бірге үміткерлерге конкурсқа қайта қатысу мүмкіндігі берілді.
Өтінім саны өсіп келеді: 2025 жылы 2 600 өтініш қабылданып, бір орынға шаққандағы бәсеке 4,1 адамға жеткен.