Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Damumed компаниясының қызметін тексере келе, монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректерін анықтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Агенттік «Даму ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-не қатысты тергеуді аяқтап, DAMUMED медициналық ақпараттық жүйесіне қол жеткізу және оны техникалық сүйемелдеу қызметтері үшін жоғары баға белгілегені белгілі болды.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты серіктестікке 286 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Айыппұл толық төленген.
Еске салайық, 2023 жылы Damumed дерекқоры Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне берілген.